Ана – кез-келген сәбидің бал тілінде ең алғаш айтылатын, мағынасы зор, құдіретті, әдемі сөз.

Өмірге ұрпақ әкеліп, отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы болатын, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал жасайтын асыл жан.

Ал бір афоризмде «Ана - махаббат сөзінің синонимі» деп көрсетілген.

Ақындар мен жазушылар ақ жаулықты аналарымыздың асқан ақылы мен даналығын, мейірімі мен қамқорлығын, ақ жүрегін ән-жырларына, шығармаларына тиек етсе, басқа сала өкілдері де шет қалған жоқ.

8 наурыз мерекесінің қарсаңында назарларыңызға «Гәкку» би ансамблінің орындауында керемет әрі әсерлі «Ана жүрегі» атты би композициясын ұсынамыз.

Жетекшісі -Гүлмира Ордабаева.

Онлайн кім

Қазір 316 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр