Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі - Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алып, домбыра тартудың қыр-сырын меңгерген, «Домбыраның Жамбылы» атанған, он саусағынан бал тамған күйші қыз өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.

Өнер саласында өшпестей із қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығын мерекелеу аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Әйгерім Шалқарованың орындауында
«8 март» күйін назарларыңызға ұсынамыз.

Онлайн кім

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр