12-14 ақпан аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне арналған «Мәдениет саласындағы менеджмент» практикалық семинары мен «Этнотерапия» тренинг жобасы өтті.

Спикер және жобаның авторы - «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қорының» құрылтайшысы әрі директоры, «Қазақконцерт» МКҰ-ның ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары, «SNECC entertainment» продюсерлік компаниясының негізін қалаушы, «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері Серік Нұрмолдаев.

Өткізілген семинардың басты мақсаты мәдениет саласындағы басқару қызметінің заманауи түрлері мен әдістері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру және оларды ұйымдастырушылық-концерттік қызмет жұмысының тиімділігін арттыруда қолдану болып табылады. Себебі, қазіргі уақытта мәдениет саласында жұмыс істейтін кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі аса маңызды. Ал оркестр жетекшілері үшін менеджмент саласында білімін жетілдіріп, ілгерлеу және тиімді командаларды ққұру маңызды.

Семинарда қозғалған негізгі тақырыптар:
- Тиімді командаларды құру
- Көшбасшылық, басқару стильдері
- Ынталандыру және уәждеме және тағы басқа.
«Этнотерапия» тренинг жобасының қатысушылары тек филармония қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар біздің әріптестеріміз - Ақмола облыстық орыс драма театрының әртістері болғанын атап өткіміз келеді.

Семинар өткізгені үшін және «Этнотерапия» авторлық жобасы үшін Серік Тоқтасынұлына үлкен алғысымызды білдіреміз, этникалық музыка призмасына құрылған «Этнотерапия» сеанстары көптеген адамдарға күйзелістен арылуға көмектесті.

Онлайн кім

Қазір 323 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр