Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев - 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан сыршыл, мұзбалақ ақын, жазушы әрі аудармашы.

Қазақ  поэзиясында өзіндік жарқын ізін қалдырған дарынды ақын қысқа ғана ғұмырында мыңнан аса туынды жазып, өлмес мұрасын қалдырды.

Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік Мұқағали Мақатаевтың басты мұрасы - оқырмандары мен өнеріне табынушылары сүйіп жатқа оқитын жүрек тебіренткен лирикасы.

Жанашырлық пен бауырмалдық, жақсылық жасап, мейірімді болу қабілеті ақынның адамды бағалаудағы басты критерийіне және барлық шығармашылығының лейтмотивіне айналды.

Ақын үшін оның өлең  жолдары «өмір сияқты қарапайым» болғаны, халық түсініп, сүйсінгені маңызды еді.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін ақын У. Уитменнің жырларын аударып, «Шөп жапырақтары» деген атпен шығарды.

Ағылшынның ұлы ақын-драматургі В. Шекспирдің сонеттерін қазақша сөйлетті, Италияның танымал ақыны Дантенің «Кұдіретті комедиясын» ана тілімізге тәржімелеп, қазақ поэзиясының көркемдік тәжірибиесін байытуға, қазақ оқырмандарының эстетикалық талғам деңгейінің биіктеуіне өз үлесін қосты.

Поэзия  жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енді. 

Назарларыңызға Самат Уатханның орындауында  М.Мақатаевтың «Қиын не бар?» атты өлеңін ұсынамыз.

Онлайн кім

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр