ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында«Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» - демекші музыка мен поэзияның ортақ туындысы – әнсіз өмірді елестету мүмкін емес, әр кезде де ән көкейді кернеп, жүректі тербеп, өз тыңдарманын тауып отырған. Халық құдіретті ән өнеріне ерекше мән беріп, жаңғыртудан бас тартпаған. Жүздеген, мыңдаған әуендердің ішінен іріктеліп, халықтың аузында ең жақсы қалады. Ал Отан, Туған жер туралы әндер әрқайсымыз үшін де ыстық, жүрегімізге жақын. Олар бізді өткенмен байланыстырып, бүгінгі күні қуат беріп, болашақта өзімді жоғалтпауға көмектеседі.

Назарларыңызға филармонияның солисі Ләззат Едрисованың орындауында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркен Ынтықбаевтың «Қазақ елі» патриоттық композициясын ұсынамыз.

Онлайн кім

Қазір 77 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр