«Рақмет, өнер сүйген қалпыңызға,
Бір дәстүр қанға сіңген халқымызда,
Қазақтың тууы да, өліміде ән,
Ән біздің сертіміз де, антымыз да!
Дем берер шаршағанда, шалдыққанда,
Әншіні сыйлайды елі сондықтан да!- деп, жырлапты Кеңшілік Мырзабеков.

Өнерді өмірінің өзегі ете білген ата – бабаларымыз ел іргесі тыныш болса, шаруасын күйттеп жата бермей, кең даланы думанды тоймен дүбірлетіп таңғажайып сән-салтанатымен сауық-сайран құрған.Қазақ ән өнерінің бірнеше мектепке бөлінетіндігін бәріміз білеміз. оның ішінде Арқа әнінің ту тіккен биігі ретінде Көкшетауды айтып келеміз. Оған себеп, Көкше өңірінде ән атасы Біржан салдың, «өнерінен өмірі сұлу» (Мағжан) Ақан серінің, «топ жарғанның бірі» (Сәкен) Үкілі Ыбырайдың, алып күш иесі, композитор Балуан Шолақ сияқты қазақ музыка өнері алыптарының кіндік асқақ, көркем әндерінің осы Көкшетауда дүниеге келуі.

Ендеше, кешегі асылдардың сынығы, жанына домбырасын серік еткен сері жігіт Шыңғыс Сәрсенбайдың құлақ құрышын қандырар "Арқаның әсем әндері" кішігірім концертін назарларыңызға ұсынамыз! Қабыл алыңыздар!

Онлайн кім

Қазір 200 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр