Құрметті достар, «Музыкалық кофехана» жобасы аясында «Le parfum musical de la France» дәріс-концертіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі онлайн-концертіміздің бағдарламасында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенконың қызықты танымдық дәрісін тыңдай отыра, филармония әншісі Аякөз Қалмағанбетованың (лирикалық сопрано) орындауында Францияның классикалық музыка мәдениетінің танымал туындыларын тыңдай аласыздар.

Күміс көмей әнші назарларыңызға концертмейстер Наталья Грицаеваның (фортепиано) сүйемелдеуімен бірнеше музыка жауһарларын ұсынады және филармонияның талантты солисі Эльмира Нысанбаевамен бірге Ж.Оффенбахтың «Баркарола» әнін дайындады. Қабыл алыңыздар!

Бізбен бірге Францияның музыка әлеміне бойлаңыздар.

Онлайн кім

Қазір 77 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр