"Филармония өмірінен бір күн" апта сайынғы айдарымыздың кезекті шығарылымына қош келдіңіздер!Бүгінгі бейне-тарауымыздың қадірлі қонағы – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Гүлжан Ахметова.

Гүлжан Ахметова жерлестеріміз, Көкшетау өңірінің композиторлары: Иран Ильяшев, Тыныштық Шәменов, Маман Иментаевтың әндерін сахна төрінде тамылжыта орындап, халыққа танытып жүрген әнші.

Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ, орыс, шетел композиторларының шығармалары мен халық әндерін де шарықтата шырқап, өз көрерменін жинады.

Гүлжан Ахметова.Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының театрландырылған қойылымында Дүрияның партиясы мен Жібектің бас партиясын сомдап, актерлік қабілетімен де көзге түсті.

Онлайн кім

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр