Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашысы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы.

Өзінің музыкалық жауһарларымен қазақ спектакльдерін, мультфильмдері мен көркем фильмдерін байытқан сегіз қырлы, бір сырлы жан.

Отандық музыканың қалыптасуына зор үлес қосқан, суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры еткен табиғи дарын иесінің шығармаларын көпшілік сүйіп тыңдап, жоғары бағалаған.

Осындай жарқын шығармаларының бірі «Аққу» күйі қазақ фольклорының інжу-маржаны болып табылған «Қыз Жібек» лиро-эпостық поэмасысының желісі бойынша «Қыз Жібек» кинофильміне арналып жазылған.

Композитордың 95 жылдығына орай сіздердің назарларыңызға «Гәкку» би ансамблінің әртісі Жантемір Аружанның Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған репортажын ұсынамыз.

Сонымен қатар «Гәкку» би ансамблінің орындауында З.Әжібекованың «Аққу» би композициясын қабыл алыңыздар.

Онлайн кім

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр