Қайырлы күн, құрметті көрермедер!

«Филармония өмірінен бір күн» апталық айдарымыздың кезекті шығарылымына қош келдіңіздер.

Бүгінгі қонағымыз - филармонияның жез таңдай әншісі, керемет лирикалық тенор дауыстың иесі Серікболсын Бекмолдин.Дарынды жас әншінің репертуарында қазақстандық, орыс және шетел композиторларының романстары мен ариялары, халық әндері, заманауи эстрадалық композициялар бар. Әнші симфониялық оркестр мен қазақ халық аспаптар оркестрімен, «Айнакөл» фольклорлық ансамблімен және камералық музыка ансамблімен ән шырқап, репертуарын байыта түсуде.

Сұхбат барысында әншінің өмірімен, шығармашылық жолымен таныса отыра, таңдаған мамандығының қыр-сырымен, қиындықтары және т.б. туралы білетін боласыздар.Кезекті айдарымызды тамашалап, пікірлеріңізді қалдырып, лайк басыңыздар.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр