Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

«Филармония өмірінен бір күн» айдарының кезекті шығарылымында Сіздермен кездескенімізге өте қуаныштымыз.

Бүгін бізде қонақта филармонияның күміс көмей әншісі, керемет лирикалық сопрано дауыстың иесі Аякөз Қалмағамбетова.

Әншінің репертуарында романстар, опералық ариялар, халық әндері мен қазақстандық композиторлардың шығармалары бар.

Жас әнші классикалық музыка мен халық әндерін нақышына келтіре шарықтата шырқап, көрермендерінің жүрегіне жол тауып, музыка өнерін насихаттап келеді.

Сұхбат барысында әншінің өмірі мен шығармашылығымен таныса отыра, таңдаған мамандығының өзіндік қиындықтарын біле отыра, әдемі әнін тыңдай аласыздар.

Бүгінгі айдарымыздан ләззат алып, жақсы демалуларыңызға тілектеспіз, пікірлеріңізді қалдырып, лайк басыңыздар.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр