Бүгінгі айдарымыздың бастығы қонағы - Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова.

Табиғи дарын иесі, күміс көмей әнші бар саналы ғұмырын сахна төрінде өткізіп, халық әндерін шарықтата шырқап, насихаттап келеді. Сонымен қатар халық әндеріне қоса, домбырамен және оркестрдің сүйемелдеуімен эстрадалық әндерді де тамылжыта орындап, өз көрермендерін жинаған біртума әнші.

Біздің бүгінгі айдарымыздан сіздер бар өмірін өнер жолына арнаған дарынды тұлғаның өмірімен, шығармашылығымен таныса отыра, өнер жолында қандай қиындықтарды жеңіп, табанды еңбегінің арқасында қандай шыңдарды бағындырғанына, өз көрермендерінің жүрегін қалай жаулап алғанына куә боласыздар.

 

Онлайн кім

Қазір 502 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр