11 наурыз күні Көкшетаудың зиялы, өнер сүйер қауымы, Иран салдың өнеріне бас июшілер Иран сал Тасқараның 80 жылдығына арналған шығармашылық кешін тамашалау үшін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залына жиналды.

Иран сал Тасқараны бұрынғы Жезқазған, Көкшетау облыстарының жұртшылығы Қ.Сәтпаев атындағы тау-металлургия комбинатының инженері, өндіріс ұйымдастырушысы, «Василковка кен-байыту комбинаты» ААҚ-ның қоғам қайраткері ретінде жақсы таниды. Туып-өскен жері Ресей Федерациясының Омбы облысында да ақынды құрметтеп, бағалайды, Қазақ политехникалық институтында оқып, білім алған жері Алматы қаласы да оны ұмытқан жоқ.

Ал барлық Қазақстан Иран ағаны халықаралық, бүкілодақтық, республикалық айтыс байқаулары мен сайыстарының дипломанты әрі лауреаты, өнерлі жан ретінде таниды. Иран сал Сарыарқаның дәстүрлі ән өнерін жалғастырушы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай шығармашылығын дәріптеуші, ақын, композитор, 130-дан астам әннің авторы ретінде танымал.

Онлайн кім

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр