13 ақпан күні сағат 11.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Филармония залына заманымыздың нағыз батырлары жиналды.

Іс-шараның негізгі бөлімінде соғыс ардагерлеріне наградалар берілді.

Ал іс-шараның екінші бөлімі тақырыптық концерттік бағдарламадан тұрды. Филармонияның жетекші әншілерінің орындауында Ирина Шведованың «Афганский вальс» әні, Андреа Бочеллидің репертуарынан «Vivo per lei», Көкшетау туралы әндер тақырыбынан попурри, «Алашұлы» тобының репертуарынан «Батырлар ұраны» орындалып, залды жаңғыртты.

«Айнакөл» фольклорлық ансамблінің жанды орындауында төгілген музыка өз көрермендерін тауып, концертті ерекшелендіре түсті. Ал «Гәкку» би ансамблі «Лола» биімен көрермендерін тамсандырды.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр