2018 жаңа жыл қарсаңында Ақмола облыстық филармониясының «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері келе жатқан ит жылына арналған «Күшіктің жаңа жылы» атты қызықты, осы заманға сай ертегіні ең жас көрермендеріне тарту етті. Қойылымдар 21 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсан аралығында өткізілді. Бұл мереке кезінде таңғажайыптар болатынына сеніп, тосатын жас көрермендеріміз қойылым барысында жақсылықтың жамандықты қалай жеңгені баяндалатын қызықты оқиғаны тамашалады.  

Ертегінің басында актерлар балалардың қазір сүйіп көретін Кит Чепманның туындысы «Щенячий патруль» мультфилімінің кейіпкерлері образына еніп сахнаға шықты: Райдер -  тентек бала, Күзетші күшіктің командирі, әрі оны баулушы, ол қандай қиын, күтпеген жағдайларда да тез шешім қабылдай алатын, жоғары технологиялық құрылғыларды жетік меңгерген маман.

Маршал –өмірге қызығушылығы зор далматинец, өртке қарсы күзет қызметінің жауынгері, ол өзінің табиғи алаңғасар мінезінің кесірінен әрдайым күлкілі жағдайларға тап болып  жүреді. Жарыскер Чейз – «неміс овчаркасы» тұқымының жас өкілі, әрдайым жедел көмек көрсетіп, кез-келген кедергіден өтуге жәрдемдеседі. 

Скай – командадағы жалғыз қыз, «кокапа» тұқымынан, өзі қайрымды, бауырмал. Ертегі кейіпкерлері жаңа жыл белгісі – шыршаны шанамен сүйреп алып шығады, нағыз Жаңа жылдық көңіл-күй орнап, ойын-сауық басталады. Кейіпкерлер көңілді музыкаға билеп, қар атысып ойнай бастайды, ал Райдер, Маршал, Чейз, және Скай зал аралап, көпіршікті шарларды үрлеп балалармен бірге ойнап-күле бастайды.

Дәл осы кезде сахнаға «101 далматинец» диснейлік франшиздің жағымсыз кейіпкерлері: күшік терілерінен өзіне тон тігу үшін бейкүнә күшіктерді ұрлаушы басты қаскөй, жауыз  Круэлл Де Виль, оның қызметшісі Анита мен көмекшісі Хорас шығады, мерекелік кеш бұзылады. Олар далматинец Маршалды ұрлап кетеді, ал Маршалдың сенімді, тапқыр достары оны құтқарып, қаскөйлерді қамап тастайды.

Мереке жалғасын тауып, аман қалған адал достар көрермендермен қауышып, би билеп шаттанды. Ән әуеніне ере ортаға көптен күткен Аяз Ата да жетті, ол барша халықты Жаңа жылдарымен құттықтап, шыршаны айналып ән салып, ойын ойнауға шақырды. Ертегіден жақсы әсер алып, жүздері бал-бұл жайнаған балалар мерекені жалғастыруға жүгіре жөнелді.

Онлайн кім

Қазір 123 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр