Ақпан айының 17-сі күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да дәстүрлі әнші, Ақмола облыстық филармониясының қызметкері Сәрсенбай Хасеновтың шығармашылық кеші болып өтті. Кеш басында Сарсенбай Хасенов құрастырған «Айтыс керуені» атты айтыс жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ток-шоу форматында өткен іс-шара барысында А. Мырзахметов атындағы КУ профессоры Мұсатай Ғалым аталмыш кітап туалы сын-пікірін білдірсе, шығармашылығы жайында Ақмола облыстық филармониясының қызметкері Ғалия Рамазанова шығармашылығы туралы кеңінен сөз қозғады.

Іс-шараның мақсаты да бүгінгі өскелең ұрпақты өнерге, әдебиетке баулып, қызығушылығын ояту мақсатында болғандықтан кітап тұсаукесерінен кейін Хасеновтар отбасының кешіне ұласты. Сәрсенбай Хасеновтың әкесі – Оразалы Хасенов, ініс мен қарындасы – Нұрқасым Хасенов, Сымбат Хасеновалардың орындауында жоғарыда аталған сал-сері аталарымыз бен көптеген халық әндері шырқалды.

Барлығы – 150 адам

 

http://www.aounb.kz/?p=2189&lang=kz

Онлайн кім

Қазір 160 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр