10-13 қараша аралығында Астана қаласында маңызды қысқы мәдени іс-шара – «Розы Казахстана» ІІ Халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсы өтті. Филармонияның ғана емес, сонымен қатар облыстың намысын қорғау үшін елордаға танымал көкшетаулық хореографиялық ұжымдардың бірі – «Гәкку» би ансамблі аттанды.

Мәдениет, білім және шығармашылық ұжымдардың демалысын ұйымдастыру жүйесінде үлкен тәжірибесі бар мәдениет саласының мамандары «Қазақстан-Болгария-Ресей» халықаралық шығармашылық жобасы аясында ұйымдастырған конкурс астаналық «Жастар» орталығының негізінде өтті.

Оны ұйымдастырушылар Қазақстандық би өнерінің ұлттық, халықтық, стильдік және заманауи бағыттарының негізгі беталысымен, деңгейімен және ұжымдардың жетекшілерімен арнайы танысуға құмартып, қызығушылықтары артты. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қ. мәдениет басқармасының, Болгария Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы елшілігінің, Қазақстан Республикасындағы Ресей елшілігінің, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Фестиваль-конкурстың құрылтайшылары: Санкт-Петербург қаласының (Ресей) «Культурное наследие» қайырымдылық қоры, Пенза қаласының (Ресей) «Содружество» халық мәдениетін дамыту мен қолдау, «Рейнбоу-тур» УООД фирмасы, бас директоры Минкова Валентина Стойчева (Болгария). Ал хореографиялық сайыстың мақсаты - әр алуан халықтың ұлттық мәдениетін сақтау және дамыту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын ұлттық игіліктің ажырамас бір бөлігі деп қарау.

Фестиваль-конкурс ережесінде көрсетілгендей жеңімпаздар «Розы Обзора» ХІV Халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсына қатысуға жеңілдіктер алады.

Бұл конкурстың тағы бір ерекшелігі он бір номинацияға қоса (тегін) қосымша номинация (қалаулары бойынша) ең үздік балетмейстер жұмысына раушан гүлі туралы хореографиялық композицияны орындау енгізілген. Сонымен қатар хореография мамандарынан шығармашылық лабораториялар (тегін) мен шеберлік дәрістер, оған конкурстың қазылар мүшесі атаулы сертификаттар береді. Өз біліктілігін жетілдіре түсуге жағдай жасап тұрған осындай ғажап мүмкіндікті «Хореографиялық білім көптік етпейді»- деп санайтын ансамбль жетекшісі, хореограф Гульмира Ордабаева да пайдаланып қалды.

«Гәкку» би ансамблі 15 жастан жоғары санатында бәсекелестерімен «Халық биі» номинациясында бақ сынасты. Ансамбль қазылар алқасының назарына «Бақташылар» биі мен «Чигельдем» (тюльпан) түркімен биін ұсынды. Әдемі «Арулар» лирикалық биін қыздар бағдарламаның ашылуында орындады.

Үш күнге созылған сайыс күні қас қағымда өте шықты. Фестивальдің соңғы үшінші күні әсерлі, сезімге толы болды. Қазылар алқасының ойынша ең үздік нөмірлер гала-концерттің бағдарламасына енді, одан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі «Халық биі» номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алды.

Ұжымдардың жетекшілеріне алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар фестиваль-конкурсқа қатысқан әрбір қатысушы атаулы сертификаттар алды. «Розы Казахстана» ІІ Халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсының атаулы сертификатын шебер дәріс берген Гүлмира Ордабаева да алды.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр