22-23 маусым күндері қатарынан Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Саундтреки к популяным к/ф» атты концерті өтті,  бас  дирижері - Берік  Сарыбай.   

Подробнее...  

16 маусым күні сағат 19.00-де 75-концерттік маусымның жабылуы аясында Вокалды-хор  музыка кеші өтті. Жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова.  Концертке  дирижер  Берік Сарыбай жетекшілік еткен симфониялық оркестр, дирижер Жанат Рашит жетекшілік еткен камералық музыка ансамблі қатысты.

Подробнее...  

14 маусым күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында ел еркесі Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Іңкәр дүние» концерті өтті.  Филармонияның  мерейтойлық 75-концерттік маусымының жабылуы аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен филармония әншілері опера және эстрада жұлдызы Роза Бағланованың репертуарынан көпшілікке танымал әндерін жаңғыртып, өз көрермендеріне тарту етті.

Подробнее...  

10 маусым күні сағат 19.00-де Балалар жылы аясында  филармония   мен «Гранат»  шығармашылық  студиясының «Музыка  және түс» атты бірлескен жобасы өтті

Подробнее...  

3 маусым күні сағат 19.00-де Балалар жылы аясында және Балалар  музыка  мектебінің 70 жылдық мерейтойына орай филармонияның шығармашылық ұжымдары мен музыка мектебінің бірлескен жобасы өтті.

Подробнее...  

1  маусым күні сағат 12.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Балалар жылы аясында  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз өмірдің гүліміз» атты іс-шара  өтті.  

Подробнее...  

2022 жылғы 27  мамыр күні Көкшетау қаласының Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Қазақстаным, менің» атты концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.

Подробнее...  

23 мамыр күні филармония залында  биші, педагог, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған «Қазақ биі – бидің төресі»  атты  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің дипломдық жұмысы өтті. Педагог «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаевадан тәлім алып, би өнеріне қадам басқан жас өрендердің алғашқы маңызды қадамдары - дипломдық жұмыстары көпшіліктің назарына ұсынылды. Сонымен қатар  бұл кешке «Гәкку» би ансамблі мен «Аманат» би студиясы да қатысты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 127 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр