Бүгін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 74-ші концерттік маусым аясында алғашқы OFFLINE-концерт өтті.

Алғыс айту күніне орай өткізілген концерт бойы өзінің жылуы мен қошеметтерін сыйлаған біздің құрметті көрермендермен көптен күткен кездесу өтті.

Біздің қуанышымызда шек жоқ!

Подробнее...  

Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі - Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алып, домбыра тартудың қыр-сырын меңгерген, «Домбыраның Жамбылы» атанған, он саусағынан бал тамған күйші қыз өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.

Подробнее...  

Жақсы дикция әр адамның өмірінде маңызды.

Ауызекі сөйлеу кезінде де, кәсіби салада да тиімді қарым-қатынас жасау үшін сауатты, әдемі сөйлей білу көптеген нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асады.

Дұрыс, сауатты сөйлей білу ауызекі тіл, іскерлік қарым-қатынас және жазу деңгейін арттыруға көмектеседі.

Подробнее...  

Би өнеріне құмар, барлық әуесқойлары үшін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтар топтамасын ашады. Бейне-сабақтарды «Гәкку» би ансамблі өткізеді, жетекшісі Гүлмира Ордабаева.

Көрермендер назарына «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтарының 1 шығарылымын ұсынамыз. Бұл бейне-сабақтар топтамасы сіздерге осы стильмен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Подробнее...  

Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев - 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан сыршыл, мұзбалақ ақын, жазушы әрі аудармашы.

Қазақ  поэзиясында өзіндік жарқын ізін қалдырған дарынды ақын қысқа ғана ғұмырында мыңнан аса туынды жазып, өлмес мұрасын қалдырды.

Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік Мұқағали Мақатаевтың басты мұрасы - оқырмандары мен өнеріне табынушылары сүйіп жатқа оқитын жүрек тебіренткен лирикасы.

Подробнее...  

Құрметті көрермендер, назарларыңызға «Мюзикл» театралдық студиясының «Баршаға арналған риторика» атты жаңа айдарын ұсынамыз, бұл айдарымыз тілдік кедергілерді еңсеруге, неғұрлым анық және дұрыс сөйлеуге көмектеседі, себебі, дұрыс сөйлей білу  шешендік өнердің ең маңызды құпиясы болып табылады.

Айдардың әр шығарылымы сауатты таза сөйлей білу үшін белгілі бір шеберлікті дамытуға бағытталады.

Подробнее...  

Композиторлар Майк Чапман мен Холли Найттың шығармашылық одағы әлемге керемет музыкалық туындылар сыйлады, бірақ олардың ең үлкен жетістігі – «Тhe Best» композициясы болды.

Оның түпнұсқасын Бонни Тайлер орындады. Дегенмен, Тина Тернердің орындауында ән ерекше танымалдыққа ие болды.

Подробнее...  

12-14 ақпан аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне арналған «Мәдениет саласындағы менеджмент» практикалық семинары мен «Этнотерапия» тренинг жобасы өтті.

Спикер және жобаның авторы - «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қорының» құрылтайшысы әрі директоры, «Қазақконцерт» МКҰ-ның ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары, «SNECC entertainment» продюсерлік компаниясының негізін қалаушы, «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері Серік Нұрмолдаев.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр