Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

«Филармония өмірінен бір күн» айдарының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.

Бүгінгі айдарымыздың қонағы – Көкшетау облысының дәулескер ақыны, КСРО-ның халық ақыны атанған Қали Жұбандықовтың шөбересі, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Досхан Калиенов.

Бүгінгі шығарылым барысында өнер десе ішкен асын жерге қоятын, 9 жасынан байқаулар мен фестивальдерге қатысып, сахна төріне шыққан, қазіргі таңда оркестрдің майталман домбырашысы Досхан Қалиеновтың өмірі мен шығармашылығымен таныса аласыздар.

Он саусағынан бал тамған талантты музыканттың орындауында Қазанғаптың «Ақжелең» шығармасын қабыл алыңыздар.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр