«Diriger» сөзі француз тілінен аударғанда «бағыттау, басқару» дегенді білдіреді.

Қарапайым адамның түсінігінде дирижер музыкадан алыс адам сынды, ал шын мәнінде өнерден хабары бар адамдар оның үйлестіруші қимыл-қозғалысынсыз, оркестрдің үйлесімді дыбысталуына қол жеткізу мүмкін емес екендігін біледі.

Себебі дирижер партияларды бөлетін, репертуар таңдаудың барлық қыр-сырын жетік меңгерген және барлық оркестр құрамының орындау деңгейіне, сапасына ерекше көңіл бөлетін, музыканттарды бір арнаға жинап, біртұтас организм болып ойнауға бағыттайтын шығармашыл тұлға.

Бүгінгі біздің сұхбатымыз симфониялық оркестрдің бас дирижері Берік Сарыбаймен болмақ. Дирижермен бірге дирижерлеу өнерінің өзіндік ерекшеліктерін, оркестрлік музыканы жаттап, қалай орындау керектігінің қыр-сырымен терең таныса отыра, жұмыс барысында қандай қиындықтармен кездесетіндігін білетін боламыз.

Міне осының бәрін «Филармония өмірінен бір күн» бейнетарауының кезекті санынан тамашалай аласыздар.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов

Онлайн кім

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр