«Филармония өмірінен бір күн» айдарының кезекті шығарылымында Сіздермен тағы кездескенімізге өте қуаныштымыз.

Бүгінгі бейнетарауымыздың басты қонағы – «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Мереке Бекмағамбетов. Ақмола өңірінің мәдениеті мен шығармашылығын дамытуға үлкен үлес қосқан талантты әншінің шығармашылық жолы 40 жыл бұрын басталған болатын.

Жез таңдай әнші классикалық музыка мен халық әндерін шарықтата шырқап, талай жылдар қатарынан ел арасында құдіретті музыка өнерін насихаттап келеді.

Кезекті айдарымызда Мереке Бекмағамбетовтің өмірі мен шығармашылығымен таныса отыра, «Айнакөл жағасында» әнін тыңдай аласыздар.

Бүгінгі айдарымыздан ләззат алып, жақсы демалуларыңызға тілектеспіз.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр