Ақмола обыстық филармониясының жез таңдай әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова бар өмірін өнер жолына арнап, халық әндерін насихаттап, кеңінен дәріптеп таратып келеді.

Әншінің бүгінгі айдары көрнекті ақын әрі халық жазушысы, журналист, белгілі қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсыноваға арналады. Ұлтжанды, намысшыл, адал, қаламы жүйрік өнер иесінің өмірі мен шығармашылығымен кеңінен таныса аласыздар.

Ғазиза Жұмекенова әдемі әңгімесіне қоса, Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған Ә.Бейсеуовтың «Қыз ғұмыры» әнін көпшіліктің назарына ұсынады.

Онлайн кім

Қазір 229 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр