Әнуарбек Файзуллин жетекшілік еткен «Айнакөл» фольклорлық ансамблі өз тыңдармандарын толыққанды сазды шығармаларымен, әсем әуенімен қуантып келеді. Ансамбльдің басты ерекшелігі ұлттық көрінісіміз бен халқымыздың аспаптық музыка мәдениетін сақтау болып табылады.

Ал ансамбльдің басты мақсатының бірі тыңдарманына әр нотаны, әр ырғақты, әрбір идеяны жеткізе отыра, ұлттық мәдениетімізді, музыкалық шығармашылықты дамыту, жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мәдени құндылықтарымызды жеткізу.

Қырланған шығармашылығының, өзіндік қолтаңбасының, бірегейлігінің арқасында ансамбль жанданып, дамып келеді. Ансамбльдің өркендеуіне талантты музыкант әрі ансамбльдің жетекшісі Әнуарбек Файзуллинның қосқан үлесі де зор.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр