«Гәкку» би ансамблінің жетекшісі Гүлмира Ордабаевамен сұхбат.

Хореограф, балетмейстер, «Гәкку» би ансамблінің беделді жетекшісі Гүлмира Ордабаеваның бар өмірі бимен байланысты.

Бала кезінен биге құмар жас қыз өз шығармашылық жолын мектеп қабырғасында жүрген кезде хореография өнерінің құпия сырларын ашатын би жайлы жазылған әдебиеттерді қызыға оқи отыра, би үйірмесіне белсене қатыса отыра бастады. Міне осы кезден бастап, би десе ішкен асын жерге қоятын талдырмаш қыздың қиялына қанат бітіп, жан-дүниесімен би өнеріне бет бұрды.

Ал 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Режиссура және хореография» бөліміне түсіп, асқақ арманына қол жеткізді.

Дарынды, ізденімпаз өнерлі тұлғаның әр би композициясы эстетикасы, стилімен, өзіндік қолтаңбасымен, талғамының нәзіктігімен ерекшеленіп тұрады.

Қазіргі таңда талантты хореографтың қоржынында терең сюжетімен және бірегей өзіндік ұсынылуымен ерекшелетін хореографиялық суреттемелер, билер, балет, би спектакльдері және тағы басқа да әртүрлі сипаттағы қойылымдар бар.

Міне осының бәрін «Филармония өмірінен бір күн» бейнетарауының кезекті санынан тамашалай аласыздар.

Би әлеміне қош келдіңіздер!

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Сәрсенбай Хасенов.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр