Домбыраның күмбірі, скрипканың сазды әуені, тамылжыған ән, тенорға ауысқан бас, көйлектердің сусылы мен пуантталардың тықылы, ал кулисаның ар жағында кезекті пьесаны қайталап дайындалып жатқан әртістердің даусы.... Міне, осының барлығы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына тән құбылыстар, оның күнделікті өмірі.

Қазіргі таңда филармония - отандық және шетелдік орындаушылардың классикалық музыкасын дәріптеуші.

Филармония жылдар бойғы шығармашылық қызметінде қаншама дарынды орындаушылар мен музыканттарды қанат қақтырып, түлетіп шығарды.

Сонымен қатар филармонияның қызметкерлері де оның мақтанышы, бетке ұстарлары.

Біздің онлайн-жобаларымыздың арқасында сіздер ұжым жетекшілерімен және жеке орындаушылармен таныса аласыздар, сондай-ақ жұмыс барысында әртістеріміз қандай қиындықтармен бетпе-бет келетіндіктерін білетін боласыздар.

Бағдарламаны К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Тұрлыхожа Базаров ашады.

Онлайн кім

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр