Қазақ даласындағы ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекендерінің бірі – Көкшетау.

Көкше өңірі жер бетінде сирек кездесетін, өзіне ғана тән ерекшеліктері басым географиялық аумақ ретінде кеңінен танымал. Антрополог Оразақ Смағұловтың айтуынша, Кеңес заманында геологтар Көкшетау өңірін «ең көне жер» деп анықтаған екен.

Жер шоқтығы атанған Көкшетау табиғатының әсемдігімен ғана емес, ауасының да жанға шипа, дертке дауасымен де әйгілі. Әсіресе, Бурабай шатқалындағы шоқысы биік бүдірлі таулар, қылқан жапырақты ну орман – демалушыларға жайлылық сыйлап, емге шипа, демге қуат береді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы да емдік қасиетке ие.

Табиғат жаратылысының осынау тамашасына тамсанған ақындар Көкше өңірін «кербез Көкше» деп жырласа, қылқалам шеберлері ондағы пейзаж тудыратын құбылысты салудан еш жалықпаған.

Онлайн кім

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр