Шәмші Қалдаяқов - аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол - бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі.

Қазақтың арасында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Кез-келген адамның жүрегін тебірентетін - аяулы ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат тақырыптарын  Шәмші әндерінен табуға болады. Оның шығармаларының тақырыптық  мазмұны кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы - елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық ерекшелігі - қазақстандық эстрадалық әндер әуенін ұлттық нақышпен байланыстыра білуінде. Оның көптеген шәкірттері өздерінің ұлағатты ұстазының дәстүрін күні бүгінге дейін жалғастыруда. Ш. Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі осыған дәлел іспеттес.

Ш. Қалдаяқовтың әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. Ақиық Мұқағали Мақатаев Шәмшіге деп өлең өрген. Шәмші артына мәңгілік өлмейтұғын қазына қалдырды да... Оның  көптеген әндері Р. Бағланова, Р. Абдуллин, Б. Төлегенова, Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева т. б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншілері де бұл мерекеден қалыс қалар емес. Сіздердің назарларыңызға, «Ән падишасы-Шәмші аға» атты концерттік бағдарламасын ұсынамы

Онлайн кім

Қазір 146 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр