Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Ең алдымен, ән — өнер. Адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы, халыктың өмір айнасы.  

Халық ішінде кеңінен айтылатын әндердің бірі – халық әні Ақбақай. Ән халық жадында сонау кезеңдері жаңғырып, өзінің эстетикалық сұлулығымен қазіргі  орындаушылардың сүйікті әніне айналды.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола  облыстық филармониясының әншісі,  Көкен Шакев атындағы облыстық байкауының  I-орын  иегері, Ақан сері атындағы Респупликалық байқауының  дипломанты,  2015 жылы облыстық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері Төлеген Амановтың орындауында, қазақтың «Ақбақай» халық әнін қабыл алыңыздар.

Онлайн кім

Қазір 98 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр