Музыка авторы Қорлан Картенбаева қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтын кәсіби музыкант, бірегей сазгерлік өнер иесі.

«Шындығына келгенде биді тани білу керек, тану аз, сүю керек. Би-синтездік өнер. Ондағы қимыл мен қозғалыс, мимика мен шарттылық, ой мен кескін бар. Енді оған үйлесімді музыканы қосыңыз. Мұнда тұнып тұрған хас өнердің тоғысы бар. Әрбір бидің өз тақырыбы мен мазмұны болуы шартты. Айтар ойы болуы керек. Бидің басы, кульминациясы, соңы  бар, ол – тұтас бір әлем. Биші – сол әлемнің қожасы» - дейді, ансамбль жетекшісі, балетмейстер Гүлмира Ордабаева.

Ақмола облысындағы қазақ би өнерінің қырмызы  -«Гәкку» би ансамблі. Қайыңдай тербелген биші қыздардар өз өнерін әлемнің көптеген елдерінде паш етіп, халықты тәнті етті. Бүгінде, қазақ мәдениеті жайлы жазатын  «Үш қоңыр» республикалық газеті де біздің «Гәккуліктер» туралы аса құрметпен жазып отыр.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы қабырғасында құрылған би ансамблінің әлі талай алар асуы алда. Себебі өнерге деген үлкен махаббат – халықтың ықыласы мен махаббатына бөлену сияқты қымбат бағаланады.

Онлайн кім

Қазір 196 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр