1838 жылы Исатай – өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды еріткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Міне осы жерде Махамбет пен Баймағамбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан шығарып аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр-Қылыш» күйін екі батырға арнаған деседі.

К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің қобызшылар ансамблінің орындауында «Жұмыр-Қылыш» күйі.

Концертмейстері: Жұлдыз Жүзбаева

Онлайн кім

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр