Сәрсенбай Хасенов - Көкше ақын-композиторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ән аманат» атты рухани бағдарламаны дайындап, көпшілікке насихаттап жүрген дәстүрлі әнші.

Әнші шығармашылық жағынан алғанда ерекше тұлға, ол ән салу лирикалығымен, жан-дүниеңді баурап алатын сезімталдығымен, ішкі жігер-күшімен ерекшеленеді. Әншінің репертуарында халық композиторларының әндері мен күйлері, қазіргі заманғы авторлардың шығармалары бар, жерлесіміз Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың өмірін зерттеп, шығармашылығын дәріптеуге ерекше көңіл бөледі.

Филармония қабырғасында өтетін рухани –танымдық дәріс концерттерді жүргізіп, жүргізуші ретінде жаңа қырынан танылып, көрермендердің ықыласына бөленіп жүр.

«Ән аманаты» - бұл халық әндері және халық композиторларының ән тарихынан сыр шертер танымдық рухани бағдарлама.

Осы жоба аясында ақын, айтыскер, Қазақстанға танымал тұлға, көптеген жылдар бойы Қазақ телерадиосында диктор қызметін атқарған Бүркіт Бекмағамбетовтің шығармашылығы туралы музыкалық дәрісті назарларыңызға ұсынамыз.

Жобанның авторы, жүргізуші - Сәрсенбай Хасенов

Онлайн кім

Қазір 112 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр