Қазақ халық аспаптар оркестрі 1993 жылы қараша айында құрылды.

Оркестрдің көремдік жетекшісі әрі бірінші дирижері болып Қазақстан

Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері Манарбек Бексеитов тағайындалды.

Ал Тұрлығожа Базаров оркестр құрылған кезде екінші дирижері болып, 1

995 жылдан бастап оркестрдің бас дирижері болып жұмыс істеп келеді.

Бұл кәсіби дайындығы зор, репертуары бай, дарынды музыканттардан құралған

өзіндік ерекшелігі, шығармашылық қолтаңбасы бар шығармашылық ұжым.

Шығармашылық ұжымның негізгі мақсаты: халық аспаптарында ойнау,

орындаушылық дәстүрді сақтап, жаңғырту, көненің көзі саналатын ұлттық

музыкалық аспаптарымызды дәріптеп, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік мәні

зор туындылар мен шығармаларды халық аспаптарында орындап, насихаттау,

Қазақстан және шетел халықтарының ұлттық музыкалық мәдениетіне

көпшілікті тарту.

Сіздердің назарларыңызға белгі композитор Қуат Шілдебаевтың туған жеріне

арнаған «Қаракемер» күйін тарту етеміз. Қ.Шілдебаев әртүрлі жанрды

меңгерген композитор, оның әндері мен шығармалары қазақ өнерінде

өз орны бар туындылар.

К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Самал Ахметова.

Онлайн кім

Қазір 145 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр