13 ақпан күні сағат 18:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында оркестрдің бірінші скрипкасы Жұмабике Омарованың «My violin – my soul» атты жеке концерті өтті.

Жұмабике Омарова - көптеген жылдардан бері филармонияның симфониялық оркестрінің концертмейстері. Жұмабике тығыз дайындықтар кестесіне қарамастан, ерекше музыкалық жобаларды әзірлеуге белсене қатысады. Сонымен қатар камералық ансамбль мен симфониялық оркестрдің концерттерінде өнер көрсетеді, филармония ұжымдары мен басқа да солистерінің концерттік бағдарламаларына қатысады.

Жұмабике Омарова алғаш рет филармония қабырғасында жеке концертін беріп отыр. Бағдарлама таңдауға аса мән беріп, ерекше жауапкершілікпен келді. Бұл концерттің басты идеясы – музыкант өзінің сүйікті музыкалық аспабын әртүрлі жанрда және формада ( жеке орындау, ансамбльмен бірге, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен) көрсетіп, қыр-сырын ашу болатын. Концерт барысында алға қойған мақсаттар мен концерттің идеясы толық ашылып, майталман өнер иесі көрермендерін тәнті етті.

Концерттік бағдарламада классикалық шығармалармен қатар заманауи танымал шығармалар да орындалды.

Онлайн кім

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр