2020 жылдың тамыз айында ұлы қазақ ақыны, ағартушы, композитор, жазбаша қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевқа 175 жыл толады.

21 қаңтар күні барлық қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекені тойлау ресми түрде басталды. Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Астана Опера» театрында бастау алды. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы да осы ауқымды іс-шараны қолдау мақсатында өз өнерін көпшіліктің назарына ұсынды.

2020 жылдың 30 қаңтар күні ұлы ақынның рухани мұрасын сақтау, дамыту, насихаттау, тарату мақсатында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен әншілерінің қатысуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» концерті өтті.

«Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» сынды Абайдың танымал әндері мен романстары, А.Жұбановтың «Абай» операсынан ариялар орындалады.

Концерт әншілер мен хордың, оркестрдің орындауындағы «Абай» операсынан алынған «Той бастар» шығармасымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр