Қазан айының 31 жұлдызында, сағат 19:00-де 73 концерттік маусымының ашылу салтанатына орай, Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Базаров Тұрлықожа Биназарұлының 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті.

Мерекелік бағдарламада қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында танымал бірталай шығармалар орындалып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай және Петропавл қалаларынан келген көрнекті дирижерлар өнер көрсетті.

Олар Тұрлыхожа Биназарұлының ұстаздары, дос-жараны мен ізін қуған шәкірттері. Атап айтқанда: Айтқали Жайымов - ҚР композиторлар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер (Нұр-Сұлтан қ.); Қайырлы Ғафуров - ҚР Мәдениет қайраткері, «Сегіз Сері» қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері (Петропавл қ.); Ахметхан Алпысбаев - ҚР мәдениет қайраткері, дирижер, композитор (Алматы қ.); Жанас Бекентұров - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы академиялық оркестрдің бас дирижері (Алматы қ.); Берік Оразалин - Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері (Қостанай қ.); Әділет Азбаев - Республикалық дирижерлер байқауының лауреаты (Нұр-Сұлтан қ.) ; Әсел Тоқсанова - Домбырашы (Алматы қ).

Кеш соңында, маэстро «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр