Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қыркүйектің 25-26 күндері көрнекті халық ақыны - әнші Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдық мерейтойына арналған «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» IV Өңіраралық фестивалін өткізді.

Фестивальдің алғашқы күні, яғни 25 қыркүйек сағат 18:30-да, Біржан сал ауданының мәдениет үйінде концерт өткізілді.

26 қыркүйек сағат 16:00, көрнекті әнші-импровизатор Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығына арналған "Гәккулеткен, аққу жеткен - Көкшетау", IV Өңіраралық фестивалінің қатысушыларының баспасөз – конференциясы өтті. Ол конференцияға Біржан сал Қожағұлұлының ұрпағы(шөбересі) –Марал Теміртасов қатысқан болатын.

Сол күні, сағат 19:00-де облыстық филармонияның концерттік залында гала-концерт өтті.

Фестивальдің басты мақсаты: Сарыарқаның ән мәдениетін сақтау, дамыту, дәріптеу. Фестиваль - дәстүрлі музыканы насихаттаушы әншілердің шығармашылық қызметі барысында тәжірибе алмасуға арналған таптырмас өнер алаңы, мәдени байланыстардың дамуына ықпал ететін орта ғана емес, сонымен қатар халық музыкасын дәріптеп, тарату арқылы қоғамдағы келісім мен өзара түсіністік идеяларын, рухани құндылықтарды, кәсібилік пен орындаушылық шеберлікті де насихаттайды.

Фестивальдің арнайы қонақтары: 1. Күзеубай Амангелді Республикалық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы "Халық әні" кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы (Алматы қ.).

2. Шүкіман Еркін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы "Халық әні" кафедрасының доценті (Алматы қ.).

3. Құрманғалиев Тілеулес Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы "Халық әні" кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ.).

4. Исатаева Ардақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы "Халық әні" кафедрасының доценті (Алматы қ.).

5. Әбуғазы Мұрат ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші (Алматы қ.).

Онлайн кім

Қазір 100 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр