"Музыкалық кофехана" жобасы аясында Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 15 қыркүйек күні сағат 15.00-де классикалық музыканы сүйетін жандарға "Романтика романса"атты концертіне өз есігін айқара ашты.

Концерт бағдарламасында Варламов, Глинка, Чайковский сияқты үш жүзжылдықтың композиторларының шығармалары Таривердиевтің, Петровтың, Земфираның замануи әндерінің авторлары Марина Цветаеваның өлеңдеріне жазылған шығармаларына дейін орындалды.

Кеште А. Варламовтың "О, не целуй меня" романстары, М. Глинканың "Күмән", П. Чайковскийдің "Хотел бы в единое слово", М. Таривердиевтің "Моя маленькая" романстары, Аліби Әбдінұровтың "Кұз" әні және т.б. шырқалды. Бұл шығармалардың стильдері әр түрлі, бірақ оларды әртістердің мерекелік көңіл-күйі мен махаббатты біріктірді.

Бағдарламаның жүргізушісі оқытушы-музыкатанушы Юлия Никитенко тыңдаушыларды өткен жүзжылдықтың және қазіргі заманның ұлы композиторларының тағдырымен байланысты шығармалардың пайда болу тарихына бойлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты: патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру. Жас ұрпақтың мәдениеттің бай әртүрлілігіне толерантты қарым-қатынасын дамыту.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы.

Келушілер: облыстың шығармашылық жастары, халықтың қалың жігі, БАҚ өкілдері.

Онлайн кім

Қазір 523 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр