13 маусым күні сағат 19.00-де Ақмола облыстық филармониясының концерт залында 72-концерттік маусымның жабылуы аясында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен Қазақстанның дарынды жастарының қатысуымен «Жастар жалыны» фестивалі өтті. Дирижерлері: Әділет Азбаев, Руслан Баймурзин. Арнайы шақырылған қонақтарымыз: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, жас композиторлар Арман Жайым мен Алмат Сайжан.

Іс-шараның ауқымды бөлігі халық шығармашылығынан тұрып, бұл кешті ерекшелендіре түскені анық, себебі халық әуендері әрдайым, әр кезеңде де өз мәртебесін жоғалтқан емес, өзекті де маңызды. Концерттік маусымның жабылуына орай, фестиваль соңында марапаттау рәсімі өтті.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр