Маусымның 5-і күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 72-концерттік маусымның жабылуына орай, филармонияның жетекші әншілері мен «Гәкку» би ансамблінің қатысуымен симфониялық оркестрдің «Лайнер –синема» атты концерті өтті.

Дирижер әрі Лайнердің бас капитаны Берік Сарыбай жетекшілік еткен симфониялық оркестр танымал көркем фильмдерден алынған саундтректерден тұратын бағдарламасымен жазда «Жастар жылы» аясында өткізілетін іс-шараларға жақсы бастау болды.

Бағдарлама барысында «Пираты Карибского моря», «Игры Престолов», романтикаға толы «Титаник» сынды көркем фильмдер мен басқа да фильмдердегі музыкалар орындалды.

Осы маусым филармония үшін тың оқиғаларға толы болды. Солардың бірі болып келетін осы концертте еңбегі сіңген өнерпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр