24 ақпан күні сағат 17.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Қарағанды облыстық филармониясының дирижері Петр Грибановтың қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтті.

1996 жылы Петр Александрович Краснояр академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері болып тағайындалды, сонымен қатар Қарағанды симфониялық оркестріндегі бас дирижер қызметін де қатар атқарды. 1998 жылы Санкт-Петербург қаласының Конгресс-оркестрінде бас дирижер болды. Ал 2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін қайтадан Қарағанды симфониялық оркестрін басқарып келеді.

24 ақпан күні танымал дирижер, хас шебер Ақмола облысының өнер сүйер қауымының алдында өнер көрсетіп, жүректерін жаулап алды, сонымен қатар біздің симфониялық оркестрдің бас дирижері Берік Сарыбаймен тәжірибе бөлісті.

Концерттік бағдарламаның бірінші бөлімінде кеш қонағы, дирижер П.Грибановтың жетекшілік етуімен Ақмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрі К.В.Глюктың «Орфей мен Эвредика» операсынан ариялар орындады. Ал бағдарламаның екінші бөлімінде әртүрлі кинофильмдерден алынған саундтректер орындалды. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен филармонияның жетекші әншілері де сахна төрінде өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 162 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр