2019 жылдың 6-7 қаңтар күндері Көкшетау қаласының барлық православие қауымы басты мерекелерінің бірі – Иса пайғамбардың туған күнін тойлады. Міне осы күні филармония қабырғасында «Музыкалық кофехана» инновациялық жобасы «Рождестволық кофехана» атты бағдарламасына барша өнер сүйер қауымды шақырды. Бұл мереке жаңару дегенді білдіреді. Себебі Исаның дүниеге келуі адамзаттың жаңа, жарқын дәуірге аяқ басқанын білдірген болатын.

Бұл іс-шараның мақсаты - қоғамды орыс халқының православие дәстүріне тарту. Тарихқа көз жүгіртіп бұл мерекенің шығу тарихын баяндап, таныстыру арқылы орыс халқының діни, мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға, сонымен қатар қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау.

Мерекелік бағдарлама барысында филармонияның танымал әртістерінің орындауында осы атаулы күнмен байланысты барлық музыкалық шығармалар орындалып, өз көрермендерін тапты. Православиеліктер үшін бұл күні сахна төрінде өнер көрсету ерекше құрмет болды.

Онлайн кім

Қазір 233 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр