Жыл сайын «Көкшетау» мәдениет сарайында басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні өтеді. Осы жылы бұл мереке 14 желтоқсан күні салтанатты түрде атап  өтілді.

Концерттің салтанатты бөлімінде Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімене құттықтады, сонымен қатар өңір басшысы адал еңбегімен көзге түскен ең үздік ақмолалықтарды марапаттау рәсіміне де қатысты.

Ал «Рухани  жаңғыру» аясында өткен іс-шараның концерттік бөлімі қанықты, әртүрлі жанрларға толы ерекше болды. Концерттің бірінші бөлімінде филармония мен  Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің бірлескен хоры, К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі мен әншілер өз өнерлерін ортаға салып, танымал шығармаларды күйін келтіре орындап, шарықтата шырқады. Танымал дәстүрлі әнші, халықаралық және республикалық  байқаулардың лауреаты Ерлан Рысқали  концерттің көркін кіргізіп, ажарландыра түсті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолы, 27 жылғы тарихы голографиялық проекцияда көрініс тауып, көпшіліктің назарына ұсынылды.

Ал  концерттік бағдарламаның екінші бөлімінің сәнін Қазақстандық эстрада жұлдыздары: «Құрмет» орденінің иегері, танымал әнші – Алтынай Жорабаева мен қазақстандық және шетелдік хит музыкаларды тамылжыта орындаушы «Родина» вокал триосы кіргізді.

Онлайн кім

Қазір 497 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр