Желтоқсан айының 5 жұлдызында Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде дәстүрлі ән орындаушысы мен насихаттаушысы Сәрсенбай Хасеновтың, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты шығармашылық концерті өтті. Бұл концертте, әншінің «Жігіттің падишасы» және «Сұраған саған аманат» атты авторлық жинақтарының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Сәрсенбай Хасенов туған жерінің топырағынан жаралған  біртуар перзенттері Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай сияқты аталарымыздың шығармашылығын нар заманнан алып, біздің заманымызда зерттеуші адамдардың бірі. Осыған орай, концертте бір емес, екі бірдей зерттеу жинақтарының тұсауы кесілді.

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты шығармашылық кеште әншінің орындауында еліміздің мәдени асыл мұраларының бірі –ән мен ақындық, серілік өнердің тарихында үлкен мәртебеге ие әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Онлайн кім

Қазір 104 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр