Ақпан айы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық  филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері, дарынды музыкант Ерназар  Таласпайұлы Уразалиннің 60 жылдық мерейтойына арналған концерттермен басталды. 1 ақпан күні концерт Петропавл қаласының Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында, ал 2 ақпан күні  дирижердің туған жері  Көкшетау қаласында өтті.  Филармония залына  дирижердің өнеріне бас иетін табынушылары мен кеш қонақтары, әдемі  ән-жырды бағалаушылар жиналды.

Концерттің  «Дирижерлар  шеруі» деп аталуында да үлкен мағына бар, себебі әріптесін құттықтау үшін  оның достары, танымал дирижерлар жан-жақтан жиналды. Петропавл қаласының симфониялық оркестрінің дирижері  Сергей Имашбаев   өз оркестрімен бірге келді, Тульск  Губернаторлық үрмелі аспаптар  оркестрінің бас дирижері,   халықаралық джаз  фестивальдерінің лауреаты  Владимир Леер мен Волжск  қаласының концерттік  оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Павел  Демьяненко келді. Әрбір  капельмейстер өз шеберлігі мен талантын ортаға салды. 

Кеш бойы  залда музыка қалықтап тұрды! Әдемі музыка мен әсем ән  барша халықтың назарын өзіне қаратып баурап алды. Концерттің шымылдығын мерейтой иесі Ерназар  Таласпаевич Уразалин ашты, Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі мен  Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық  оркестріне жетекшілік етіп Б.Контидің керемет, жайдары, көңілді «Gonna Fly Now» шығармасын орындады, ал  Илья Чапаниди трубада,  Виталий Яныков гитарада жеке ойнап сүйемелдеді. Ақмола облыстық филармониясының әртістері де сүйікті дирижерын  құттықтауға келді. Ләззат Едрисова Н.Тілендиевтің «Саржайлау» әнін, Марина  Зяблинцева Шолом Секунданың «Bei mir bist du schon» әні мен  Фредди Перрен,  Дино Фекаристің «I Will Survive» әнін, Эльмира Камарницкая Ш.Қалдаяқовтың «Өмір өзен» әнін, Серікболсын Бекмолдин  мерейтой иесінің құдай қосқан жарына арнап  А.Бабаджанянның  «Королева красоты»  әнін орындады. Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрімен және де Ерназар Таласпайұлымен тікелей ынтымақтастық қарым-қатынаста  жемісті жұмыс істеп келе жатқан  Петропавл қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрінің  дирижері Сергей Имашбаев  Elvis Preslly «Medley», Parla Piu Piano, «АВВА» тобының репертуарынан «Head over heels» ретро-композицияларын оркестрге жетекшілік ете отыра  жоғары деңгейде орындады. Тульск  Губернаторлық үрмелі аспаптар  оркестрінің бас дирижері,   халықаралық джаз  фестивальдерінің лауреаты  Владимир Леердің  дирижерлік  таяқшасының ғажайып қимыл сермелісіне сәйкес оркестр мен әншілер аса кәсіби біліктілікпен, асқан  шеберлікпен  Питер  Сетердің «If  you leave me now» («Чикаго» тобының  репертуарынан), Дж. Ласттың «Полька» шығармаларын,  Мұхит  Ахметов Алессандро Сафиннің «Luna», Любовь Фасхутдинова А.Бабаджанянның «Райская мелодия» және  «Люблю тебя» әндерін оркестрдің сүйемелдеуінде   орындады.

Ерназар Уразалинның  үзеңгілес  тағы бір досы,  Көкшетау қ.  музыкалық училищесінің түлегі, Волжск  қаласының концерттік  оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Павел  Демьяненко да әріптесін құттықтауға келген болатын. Оның жетекшілік етуімен  оркестрдің  және   Илья Чапанидің (труба) орындауындағы  Х.Алферттің «Веселое такси» шығармасы өте әсерлі шықты. Оркестр Павел Демьяненконың жетекшілігімен  кинофильмдерден  попурри орындады. Эльмира Камарницкая  Роман  Гомозовпен  (саксофон) дуэт болып Ирвинг  Берлин мен Родольф Бергердің  қайталанбас, ерекше туындысы «Blue Skies» орындады.  Музыкант Владимир  Леер  көпшілікке таңсық  флюгельгорн аспабында   Ричард  Роджерстің «Мои милый Валентин» композициясын орындап, көрермендерге тарту етті. Концерттің соңы да  есте қаларлықтай ерекше болды. Капельмейстерлердің  бірлесе жетекшілік етуімен  «Бони-М»,  «Чингисхан», «В стиле  ДИСКО»  топтарының  репертуарларынан  көңілді, жайдары   әуендер  төгілді.  Кеш қонақтары көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр