2017 жылдың 26 қарашасында Ақмола облыстық филармониясында саксофонист Дмитрий Петюльдің жеке концерті өтті. Іс-шараның басталуы көрерменді романтикалық көңіл-күйге бөледі: ақ періштелер, «сахнаның ортасына ұшып, жебелерді залға жіберді», концерттің бүкіл уақытында көрермен арманға шомып, таңғажайып күйге енді.

Сахнаның шымылдығы ашылып, ортаға Дмитрий Петюльдің өзі шығып, әдемі әуен ойнады.

Кеш жүргізушілері көрермендерге саксофонисты Ақмола облысының ең үздік музыканттарының бірі ретінде таныстырды.

Концерт барысында танымал инструменттік туындылар ойналды. Романтикалық музыканы жанды орындау инструменттік орындаудың табынушыларын бейжай қалдырмағаны анық.

Саксофон - бұл қиял мен шығармашылықтың ұшуы, эмоциялар мен сезімдер жеткізуге мүмкіндік береді. Музыкалық орындау махаббат пен музыка туралы поэтикалық шығармалардың орындалуымен қатар, көрерменді романтика әлеміне батырды.

Концерт американдық Jackson 5 тобының орындауындағы «I'll Be There» әнімен ашылды, ол 1970 жылы шыққан ән және сол уақыттан бері АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі №1 хит. саксофонның дуэті (Д. Петюль) және электрлік гитара (Юр Храмцов), концерттік бағдарламаны жалғастырды, олар Джордж Майклдың өткен ғасырдың 80 жылдарында пайда болып, әлі күнге дейін әлемдік деңгейде бірінші орында тұрған «Careless Whisper» (Ағылшын тілінен -«Неосторожный шепот») сентиментальді балладасын орындады.

Одан кейін итальяндық саксофонист Фаусто Папеттидің орындауындағы «Abrazama» («Обними меня») туындысы және XX ғасырдың ең танымал әндерінің бірі балеро жанрындағы испандық «Besame mucho» әуені тыңдалды.

Бұл әуендер көп тыңдаушыларды балалық және жастық шақтарға саяхат жасатты.

Әсіресе, А.Ақмалишевтің орындауындағы бельгиялық гитарист және композитор Фрэнсис Гойяның «Nostalgia» атты әлемге әйгілі және сүйікті әуенін көрермендер өте жылы қарсы алды. Кеш қонағы, филармония әншісі, қайталанбас дауыс иесі Э.Камарницкая американдық әнші Тони Брэкстонның «How could an angel break my heart» және Алиша Киздің «If i ain 't Got you» атты шығармаларын орындады.

Саксофонистің орындауындағы әйгілі композитор Р.Паульстің қаламынан туған «Долгая дорога в дюнах» фильмінен нағыз махаббат жайындағы керемет әуені сезімтал көрермен жүрегіне терең бойлап, көздеріне жас үйірді.

Фортепиано және саксофон дуэті концерт қонақтарына К.Меладзенің «Я не могу без тебя» заманауи әуенін сыйлады. Атақты американдық саксофонист Кенни Джидің «Havana» атты джаз композициясы романтикалық жанрда ойналды.

Отырған көрермен назарына американдық саксофонист Дэйв Коздың «I believe» және «Together again» атты керемет туындылары ұсынылды. Саксофон (Д.Петюль) және скрипка (Ж.Омарова) дуэті итальяндық әнші және композитор Эрос Рамаццоттидің «Piu che puoi» романтикалық композициясымен көрерменді таң қалдырды.

Саксофон және гитара дуэті нидерландық әнші және саксофонист Кэнди Далфердің «Lily was here» композициясы бірде-бір тыңдарманды бей-жай қалдырмағаны анық, оны біз тоқтамай соғылған қошеметтен аңғардық. Осы шын мәнінде халықаралық концерттің соңында шотландиялық AWB тобының «Pick Up Pieces» әні шырқалды.

Онлайн кім

Қазір 59 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр