5 қазан күні Ақмола облыстық филармониясында кезекті 71-ші концерттік маусымның ашылуы өтті. Концерттік ұйымның ағымдағы мерейтойлық маусымы елеулі оқиғадан басталады, ол ұжымның әрі қарайғы жұмысына өзіндік таңбасын қалдырып - облыстық филармонияға облыстық әкімдіктің қаулысымен қазақтың аяулы ақын ұлы, композиторы, жез таңдай әншісі Үкілі Ыбырай есімінің берілуі.

«Қалдырған сөзім – Аманат!» атты мерекелік концерт алдында маусымның ашылу құрметіне орай облыс әкімінің орынбасары Айна Мусралимова көптен күткен оқиғамен филармонияның директоры - Нұргүл Шайкеновны және филармония ұжжымын құттықтады.

Маусымның ашылуының тағы бір ерекшелігі - ең танымал, талантты әншілердің бірі, Қазақстанның және Татарстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның концерттік бағдарламаға келіп қатысқаны болды.

Бағдарламаның ашылуының көп бөлігі Үкілі Ыбырай шығармаларына арналып, шығармаларынан тұрды.  Музыка ойнамастан бұрын жүргізушілер көрермендерді кештің сыйлы қонақтарымен таныстырды. Ол Қазақстан Республикасының халық әртісі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, әнші және халық әндерін насихаттаушы – Қайрат Байбосынов. Сонымен қатар атақты әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының немересі – Елемес апай да кешке қатысып, елдің ерекше ықыласына бөленді. Содан соң көрермендердің көңілі әншілер мен әртістерге ауды. Бағдарлама эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы фанфармен ашылды. Келесі болып сахна төріне К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Бекмолдин Серікболсын Біржан салдың «Айтпай» әнімен шығып, кештің сәнін келтірді. Бекмолдин Серікболсын әнші Махаббат Мұхамеджановамен бірге дуэтта «Еркем-ай» халық әнін тарту етті, дирижері – Халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзин. Осы кеште ақмола әншілері мен музыканттары керемет классикалық туындылар мен халық әндерін орындады. Олар Алдаберген Мырзабеков  Ықыластың «Жез киік» әні, Жанат Есовтың орындауындағы Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған, Иран Тасқараның әні «Үкілі Ыбырай қайда жатыр екен?». Әуеннің тазалығымен, аспаптардың сыңғырымен домбырашы, оркестр солисі Әбілсерік Қамашев та көрерменді бір қуантты. Оған қоса камералық оркестр Абылай ханның «Қара жорға» туындысымен «Гәкку» би ансамблі тамаша өнер көрсетті. Қонақтарды тағы да тосын сый күтіп тұрды. Ортаға «Ыбырайдың соңғы әні» шығармасымен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің доценті, Қайрат Байбосыновтың шәкірті,  Айтбек Нығызбаев шықты. Концерттік бағдарламаның басты оқиғаларының бірі сахнаға  филармония әншісі Хасенов Сәрсенбайдың шыққаны болды. Ол сондай-ақ өзі тауып зерттеген Үкілі  Ыбырайдың «Гәкку» атты ең танымал әндерінің бірін көрсету арқылы көрермендерді таң қалдырды.

Көптеген жылдар бойы қазақ халық аспаптар оркестрінің құрамында Үкілі Ыбырайдың немересі Беркімбек Зарапұлы қызмет жасайды. Музыкант оркестрдің сүйемелдеуімен Қ.Шілдебаевтың «Қара кемер» атты жеке туындысын қыл қобызда орындады.

Филармония ұжымы, ашылуға дайындық барысында, бағдарламаның жанрлық компонентіне ерекше назар аударып, оны әртараптандыруға тырысты. Қазақ халық аспаптары оркестрін симфониялық, эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің мүшелері және "Muz band" тобы алмастырды. Олар  Көкшетау әндерінен поппури орындады. Содан кейін «Гәкку» би ансамблі А.Мұхитдиннің «Гүлдер биін» тарту етті.  Дирижер таяғына мықты әрі тәжірибелі маэстро, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдинов тұрды. 

Және ең соңында, көптен күткен сәт – сахна төріне талантты қонақ, концерттік бағдарламаның сәнін келтірген Қазақстан және Татарстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұржамал Үсенбаеваның шығуы. Әнші Луиджи Артидидің «Поцелуй» классикалық туындысын орындады.

Бағдарламаның қорытындысында - А.Мұхитдиновтың «Гәкку» шығармасын оркестрдің сүйемелдеуімен филармонияның барлық әншілері орындады.

Онлайн кім

Қазір 542 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр