ЛЮДМИЛА АЛЕКСАНДРОВНА БАГАПОВА
«Құрмет» орденінің кавалері.
«Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК концерттік-гастрольдік қызмет бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істейді. 1979 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін, 1985 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын аяқтады. Білімі бойынша мамандығы - оркестр әртісі, ансамблі әртісі, солист, оқытушы. Білімі - жоғары. Ақмола облысы 5 мәслихатының депутаты.
08.1985 - 06.1997жж. Қарағанды қ. концерттік-цирктік бірлестігі, филармония: симфониялық оркестрдің, шекті квартеттің, фортепиано триосының әртісі; Тәттімбет атындағы музыкалық колледждің оқытушысы (виолончель).
06.1997 - 10.2003жж. Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі; Ақмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрі мен қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі.
10.2003 - 01.2013жж. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы Ақмола облыстық филармониясының директоры лауазымында жұмыс істеді.
11.2015ж. «Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК концерттік-гастрольдік қызмет бойынша директордың орынбасары.
АЙНА ИЛЬЯШЕВНА МАМРИНА
ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері (2011 ж.)
«Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-ның көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеп келеді. 1984 жылы Кокчетав музыкалық училищесін, 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын аяқтады. Білімі бойынша мамандығы - хор дирижері, музыкалық-концерттік қызметті ұйымдастырушы.
2006 ж. Қарағанды «Фемида» заң академиясы, мамандығы- заңгер.
08.1988-11.1993жж. Қызылту музыкалық мектебі, оқытушы.
11.1993ж. Ақмола облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі.
НҰРГҮЛ ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ ШАЙКЕНОВА
Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК директоры. 1987 жылы Кокчетав мәдени-ағарту училищесін, 2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін аяқтады. 2014 жылдан бастап Челябі мәдениет және өнер институтында оқып жүр. 1999-2007 жылдар аралығында облыстық халық шығармашылығы орталығында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап Ақмола облыстық филармониясының концерттік-гастрольдік қызмет бойынша директордың орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2015 жылдың қараша айынан бастап Ақмола облыстық филармониясының директоры лауазымына тағайындалды.
Краткое описание