2017 жылғы 7 мамырда облыс орталығының Абылай хан алаңында Отан қорғаушылар  күніне арналған  дәстүрлі салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан  армиясының күні ретінде  Тәуелсіз Қазақстанның  тарихына енген бұл күн осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толғандығымен де ерекшеленеді.

Мерекелік бағдарламаның музыкалық  бөліміне облыстық филармонияның шығармашылық бөлімдері мен әншілері қатысты. Әбден жаттыққан, машықтанған жауынгерлердің көрсеткен көрнекі қойылымдарынан кейін берілген  патриоттық тақырыптағы концерттік бағдарлама да жоғары деңгейде болды. К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің репертуарынан ең үздік шығармалар орындалса, филармония әншілері  көрермендерін әсем әндеріне бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.

Әртістердің жоғары кәсіби біліктілігі мен әдемі музыка алаңға жиналған көпшіліктің көңілінен шықты, олар да әншілерге қосыла ән шырқап, оларды қошеметке бөлеп жатты, бұл алаңдағы мерекелік атмосфераны жандандыра түсті. Концертті  Батыржан Бағдат Қ.Нұртастың репертуарынан алынған «Жаса, Қазақстан»  әнімен ашса, одан кейін сахнаға шыққан Арай Абжанова М.Садвақасованың репертуарынан  «Сарбаздар» әнін орындады. Дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин  жетекшілік еткен эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі  Дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин  жетекшілік еткен  эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі  Gene Krupa «Drummin Man» композициясын, ал  Жанат  Есов  «Жүрегім қазақ», Марина Зяблинцева мен «Melody» вокалдық тобы  Ю.Саульскийдің «Счастья тебе, земля моя», Алдияр Ерғали А.Зацепиннің «Надо мной небо синее», Ләззат Едрисова Е.Ынтықбаевтың «Қазақ елі», Серікболсын Бекмолдин А.Пахмутова, Н.Добронравовтың «Как молоды мы были», «Muz band»  триосы  «Welcome to Kazakhstan» әндерін нақышына жеткізе орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Абылай хан алаңында өнер көрсеткен филармония әншілері бұл күні көпшілікке таныс басқа да әндерді орындап, тыңдармандарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 59 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр