Наурыз – Азия халықтарының  ең басты төл мерекесі,  5 мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Табиғат жаңарып,  тіршіліктің  оянып,  жаңа жыл   бастау алатын   көптен күткен көктемнің төл мерекесі  әрдайым  көпшіліктің  жаппай шаттана  қуанып,  би билеп, ән салып,  ұлттық ойындар ойнап, көңілді думандатуымен жалғасады.   Облыстық  филармонияның  шығармашылық  ұжымдары  көкшетаулықтар мен қала қонақтарын  «Наурыз мейтамы» атты  ұлттық  нақышқа толы қызықты да жарқын іс-шараға шақырды.   Бұл іс-шара 15-19 наурыз аралығында өтті.

Филармонияның табалдырығын аттай сала осы күндері күнде өткізіліп жатқан қызыққа толы іс-шараның куәсі боласыз. Қонақтарды кіреберісте балалар мен үлкендерге де таныс заманауи мультфильмдердің кейіпкерлерін сомдап киініп алған филармония әртістері-аниматорлар қарсы алды.  Одан әрі ұлттық нақышта безендірілген  филармония фойесі көздің жауын алса, «Айнакөл» фольклорлық  ансамблінің орындауындағы  халық композиторларының шығармалары – ұлттық музыка құлақтан кіріп, бойды баурап алды.  Ал аниматорлар  балаларды безендірілген шағын залға музыкалық  ойын-сауыққа толы шоуға шақырады, бұл шоу жас көкшетаулықтардың   есінде көпке дейін сақталары сөзсіз.  Ұйымдастырушылармен ұсақ-түйегіне дейін жете ойластырылған бағдарламада  қызықты конкурстар, музыкалық  интерактивтер мен танымдық викториналар бар. 

Балалар киіз үйдің құрлысын, наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі дәмнің атауын естеріне түсірді, «Итеріспек», «Қыз қуу»,  «Арқан тарту»  сынды ұлттық ойындарды ойнап, мәз болды.  Балалар жағы жан-тәнімен беріле ойнап, көңіл көтеріп жатқан кезде ересектер де концерт залына кіріп,  филармонияның әншілері мен музыканттары дайындаған  мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Көктемгі көңіл-күйге бөленіп, барлық отбасымен бірге  бос уақытты ғажап өткізуге таптырмас мүмкіндік болды.

Онлайн кім

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр